RU
Халық саны күрт кеміп жатқан елдер қатарында кімдер бар?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Халық саны күрт кеміп жатқан елдер қатарында кімдер бар?

Рассказать Вконтакте

Ғаламшар жұртшылығы күннен күнге көбейіп жатыр. Әдетте мемлекеттегі адам санының көбеюі туылғандар мен қайтыс болғандар көрсеткіштері есебінен анықталады. Бұл тұрғыда адам өлімі туылу пайызынан асып түскен жағдайда, ел халқының күрт төмендеуі белең алмақ деп хабарлайды rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: adme.ru

Фото: adme.ru
Source: UGC

Адам өлімінің көрсеткіштері өте жоғары болған мемлекеттер қатарында дамыған және белсенді дамушы қуатты державалар да бар болып шыққан. Осыған орай назарларыңызға адам өлімі көп кездесетін елдер топтамасын ұсынамыз.

10. Хорватия

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Югославия құрамынан бөлініп шығып, тәуелсіздік алғаннан кейін бұл ел халқының саны бақандай 10%-ға азайып кеткен. Адам өлімінің нақты көрсеткіші -2,61%. Хорватияда жыл сайын адам саны бірнеше пайызға кеміп тұрады.

9. Беларусь

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Бұл ел санының кемуі -2,65%-ды көрсеткен. Беларусьтіктердің саны тұрақты түрде кему үрдісін байқатып отыр. Жастардың шетелге жаппай көшуі мен жүктілік аздығы салдарынан халық қартаюы белең алды.

8. Словения

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Орталық Еуропадағы мемлекет 2012 жылға дейін аз да болса халық санының өсімін көрсетті. Алайда, кейіннен әйелдер жүктілігі күрт азаюы кесірінен бұл көрсеткіш нашарлап, адам санының кемуі -2,71%-ды еңсерген.

7. Германия

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Немістер санының күрт кемуі -2,87% көлеміне жеткен. Оған басты себеп - елдергі бала туылу көрсеткішінің нашарлығы. Халық қартаюының артуы мен бала туылудың төмендеуі Германияның 80 миллион халқы 2030 жылға қарай бар-жоғы 67 миллион болып қалуы әбден мүмкін.

6. Эстония

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Егер басқа елдерде туылу мәселесі кенже қалып отырса, бұл елде адам өлімі халық өсіміне кедергі келтіруде. Эстония Еуропадағы ЖҚТБ жұқтырғандар тізімінде көш бастап тұр. Ал адам санының кемуі -3,4%-ды құрады.

5. Венгрия

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Адам санының кемуі -3,46 % көрсеткішті бағындырды. Орталық Еуропада орналасқан мемлекет 1986 жылдан бері халық санының азаюына тап болды. Әлі күнге дейін жыл сайын Венгриядағы халық өсімі төмендеу үстінде.

4. Латвия

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Эстония көршісі болған мемлекетте де тұрақты адам санының кемуі байқалады. Мұндағы адам өлімінің көрсеткіші -3,81 %-ды көрсетті.

3. Сербия

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Бала туылу деңгейінің төмендігі мен жастардың басқа елге қоныс аударуына байланысты бұл мемлекетте адам өсімінің азаюы көрініс тапқан. Кему көрсеткіші -4,58%.

2. Болгария

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Оңтүстік-шығыс Еуропа елі 1980 жылы халық санының тоғыз миллионға жетуін атап өткен болатын. Алайда, одан кейін бұл көрсеткіш төмендей берген. Мұндағы адам санының кемуі -5,38 %-ды құрады.

1. Украина

Фото: riotour.kz

Фото: riotour.kz
Source: UGC

Адам өлімі ең көп мемлекет. Украинадағы халық санының кемуі -6,38%-дық көрсеткішті еңсерген.

Сіздің реакцияңыз
1
1
3
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel