RU
Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек
Жаңалықтар Қоғам

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше апта бұрын әлемге әйгілі футболшы Диего Марадонамен кездесіп, арманын орындаған астаналық Әли Тұрғанбековтың анасы ұлының мектепке өз аяғымен барғысы келетінін айтуда. Бұл туралы HOLA News редакциясына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

"Әли кішкентай кезінен өте көңілді бала. Әсіресе футболды ерекше жақсы көреді. Оның өз аяғымен жүруден бөлек, тағы бір арманы әйгілі футболшы Марадонамен кездесу болған. Біз оның арманын орындау үшін барымызды салдық", - дейді бүлдіршіннің анасы.

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Ақмаралдың айтуынша, ұлының Марадонамен кездесуіне биліктен ешқандай көмек болмаған.

"Диего Марадонамен кездесуге Туризм, Спорт және мәдениет министрлігі көмектесті деп ойлайтындар да бар екен. Бізге олардың тарапынан ешқандай көмек болған жоқ. Марадонамен, Ник Вуйчичпен кездесуде де ұйымдастырушыларға, олардың көмекшілеріне өзіміз хабарласып бардық.

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Билетті өзіміз сатып алдық. Туыстарымыз да ақшаларын жинап, барынша көмектесті. Бізге мемлекет немесе қандай да бір қорлар көмектескен емес.

Марадонадан да біз ешқандай көмек сұрамадық, олар жататын орнымызды ғана тегін ұсынды. Марадона бар уақытын Әлиге ғана бөлді, біз әкесі екеуміз сырттарынан видеоға түсіріп жүрдік.

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Әли сүйікті футболшысымен кездескеніне ерекше қуанды. Бақыттан жүзі бал–бұл жанып, елге ерекше құлшыныспен оралды. Ата-ана үшін баласының қуанышты жүзін көргеннен артық бақыт жоқ шығар!", - дейді Ақмарал.

Төрт бала тәрбиелеп отырған Ақмарал Әміреева Әлиді дүниеге әкелген кезде жақындарынан қолдау көрмеген екен.

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

"Алысқа бармаcақ та, өз туыстарымыздың ішінде "мұндай баланы қайтесің?" деп оны қабылдай алмағандар болды. Дәрігерлер босануыма екі апта қалғанда ұлымның қос аяғы жоқ екенін айтты.

Туылған соң ол бөлек палатада жатты, маған оны көрсетпеді. Жақындарым мені қос аяғы жоқ баланы қалай қабылдайды екен деп уайымдаған. Дәрігерлер де оны тастап кетуге кеңес беріп, мені оған жолатпауға тырысты.

Бірақ мен ол уақытта палатадан Әлиді тауып алғанмын. Өзім барып, жөргегін ауыстырып, емізіп те жүрдім. Сол кезде оны бақытты етемін деп өз-өзіме сөз бергенмін.

Әли қазір өсіп қалғандықтан, бұл тақырыпты оның көзінше қозғағым келмейді. Әли сияқты ерекше балалар өздерін жайсыз сезінбес үшін ең алдымен олардың ата-анасы балаларынан ыңғайсызданбауы тиіс. Отбасы оны толықтай қабылдаған кезде ғана, бала өзін оқшау сезінбейтін болады", - дейді ерекше баланың анасы.

Әлиді жақсы мектепте оқыту үшін ата-анасы Астанаға көшіп келген. Әлиді мектепке әкесі апарады.

"Бұған дейін Талдықорғанда тұрғанбыз, бірақ онда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған. Сол себепті пандустар мен инфоқұрылымдар қарастырылған Астанаға көшіп келдік.

Астанада өз үйіміз жоқ, ай сайын 140 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамыз. Оның үстіне мектеп орналасқан ауданнан басқа жаққа бара алмаймыз, ал мектеп өте қымбат ауданда орналасқан.

Қала әкіміне кіріп, баспана мәселесін шешуге көмек берулерін сұраған едім. Әкесі қарапайым инженер, ай сайын 160 мың айлық алады. Мен өзім баламен үйде отырмын. Ауылдағы ата-апамыз зейнетақыларын жіберіп, көмектесіп тұрады", - дейді анасы.

Қаражат тапшылығы бүлдіршіннің футбол ойнап, аяқтан тұру арманын орындауға мүмкіндік бермей отыр.

"Жазғы демалыс кезінде Әлидің протезіне керек қаражат табылып жатса, ота жасатқымыз келеді. Ұлым өзге балалар сияқты мектепке өз аяғымен барғысы келеді.

Протезге жалпы құны 52000 еуро керек. Біз спорт министрлігінен ақша бөлінді, меценат қаражат бөліпті дегенді естиміз. Олар бөлсе бөлген шығар, бірақ ол қаражаттың бізге бір де біреуі жетпеді", - деп күрсінді балақайдың ата-анасы.

Еске салсақ, Әли Тұрғанбековтың Диего Марадонамен 26 сәуір күні кездескені белгілі.

Әлиге қандай да бір көмек көрсеткісі келетін жандар болса, реквизиттер төмендегідей:

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Марадонамен кездескен астаналық баланың аяқтан тұруына қыруар қаражат керек

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel