RU
Тұздалған салаттарды ұрлап кеткен ақтөбелік екі тұрғын сот алдына келді
Жаңалықтар Қоғам

Тұздалған салаттарды ұрлап кеткен ақтөбелік екі тұрғын сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында Ембі қаласының екі тұрғыны тұздалған салаттарды ұрлағаны үшін сот алдына келді. Олар жабылған банкілерді ішімдікке ауыстырмақ болыпты деп хабарлайды Керек инфо порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Econet

Көрнекі фото: Econet
Source: UGC

Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты Ембі қаласының 28 және 39 жастағы екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Сот материалдарына қарағанда, олар наурыз айында ауылдастарының үйінің құлпын бұзып, ішке кірген. Кейін банкідегі тұздалған салаттың аузын ашып, ішімдік ішеді.

Осыдан соң сотталушылар 12 банкіні екеулеп көтеріп, оқиға орнынан бой тасалайды. Келген шығын 15 мың теңгені құрады. Сот отырысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толықтай мойындады.

Айтуларынша, олар ұрлық болған үйге таныстарын іздеп барған. Ал тұздалған салаттарды сөмкеге мастықпен салып алған көрінеді. Олар ұрланған заттарды араққа сатпақ болыпты. Алайда оларды жұмыстан келе жатқан таныстарының әпкесі байқап қалып, айқай салған. Олар сөмкені тастап, оқиға орнынан қашып кетеді. Сотталушылар әлі күнге дейін жәбірленушіге келген шығынның 3 мың теңгесін өтемеген болып шықты.

"Сотталушылар Қ. Жаймов пен Ә. Жакеевті Қылмыстық кодекстің 188 бабының 2 бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 2 жылдан бос бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Олар тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымында алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емделеді", - деді судья А. Мұқанов

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel