RU
Астанадағы форумда журналист қызды тікелей эфирде бейтаныс жігіт сүйіп алды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Астанадағы форумда журналист қызды тікелей эфирде бейтаныс жігіт сүйіп алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық арнаның тікелей эфирі барысында күлкілі жағдай орын алды. Астанадағы экономикалық форум алаңынан тікелей қосылымға шыққан журналист қызды бейтаныс жігіт сүйіп алды. Әдеттегі ақпаратпен бөлісу желісі мұндай қызықты оқиғамен толысарын күтпеген бойжеткен кәсібилігін танытып, күлкісін әрең тиып тұрды деп хабарлайды vastane.kz Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Астанадағы экономикалық форумнан тікелей қосылым жасаған тілші ойламаған жерде қызықты оқиғаға тап болды. Маңызды ақпар беріп тұрған журналисті бейтаныс жігіт сүйіп кетті.

Ойламаған жерде орын алған оқиға бойжеткен үшін нағыз тосын-сый болды. Өз эмоциясын барынша көрсетпеуге тырысқан журналистің бетінде бәрібір де күлкі ұялаған.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Данара Жұманова өзінің нағыз кәсібилігін көрсетіп, тікелей қосылым соңына дейін өзін барынша ұстап тұрды.

Қызықты жағдайдың басты куәгері болған телеарна операторы тікелей эфир барысында түсірген бейнежазбаны желіге жүктеп жіберген. Видео аз уақыт ішінде көп қаралым жинап, желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.

Көпшілік ер жігіт қылығының батылдығына тәнті болғандарын жасырмады. Оған қоса, эмоциясын ұстай білген қыз шеберлігіне де мақтау сөздер айтылды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
2
29
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір