RU
Кесікбаевтың қайын атасынан бес жүк көлігіне тиелген қымбат бұйымдар тәркіленді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Кесікбаевтың қайын атасынан бес жүк көлігіне тиелген қымбат бұйымдар тәркіленді (фото)

Рассказать Вконтакте

Атышулы қазақстандық Данияр Кесікбаевтан бес жүк көлігіне тиелген қымбат бұйымдар тәркіленді. Бұл туралы NUR.KZ порталы The Star сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәркілеу. Фото: thestar.com.my

Тәркілеу. Фото: thestar.com.my

Малайзия үкіметінің бұрынғы басшысы Наджиб Разактың Куала-Лумпурдағы пәтерінен бес жүк көлігіне әзер сыйған қымбат бұйымдар тәркіге алынды.

Бұған дейін Малайзияның бұрынғы премьер-министріне елден кетуге тыйым салынған болатын.

Ірі жемқорлық дауына қалған Кесікбаевтың қайын атасынан шамамен 284 қорап дизайнерлік сөмкелер, сағаттар мен қымбат әшекей бұйымдар табылды.

Одан бөлек сөмкелерде түрлі валюталар жатқан. Полиция әзірге қанша ақшаға тұрарлық мүлік тәркіленгенін дөп басып айта алмауда.

Фото: thestar.com.my

Фото: thestar.com.my

Сәрсенбі күні басталған тінту әлі жалғасып жатыр. Билікке келген жаңа премьер-министр Наджибтің барлық ұрлаған мүліктерін әшкере етуге уәде еткен болатын.

АҚШ тәртіп сақшылары Наджибтің бюджеттен қаржы жымқырғанына түрлі дәлелдер тапқан.

Экс-премьердің жары АҚШ-та $23 млн тұратын алқа сатып алғаны да белгілі болды.

Наджиб Разак/ Фото: Vesti.ru

Наджиб Разак/ Фото: Vesti.ru

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір