RU
Шетелдік маман: Қазақстан дамыған елдердің қатарына кіремін десе, әйелдердің жағдайын жақсартын
Жаңалықтар Қоғам

Шетелдік маман: Қазақстан дамыған елдердің қатарына кіремін десе, әйелдердің жағдайын жақсартын

Рассказать Вконтакте

Астанада өтіп жатқан Global Challenges Summit экономикалық форумына қатысқан "БҰҰ-әйелдер" құрылымының Қазақсатандағы өкілі Илейн Конкиевич еліміздегі әйелдер мен ерлердің жалақысының арасындағы алшақтық жайлы пікір айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Илейн Конкиевич. Фото: expoandwomen.com

Илейн Конкиевич. Фото: expoandwomen.com

Шетелдің сарапшының айтуынша Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақылаларының арасында едәуір алшақтық бар екен.

"Жалақыдағы алшақтыққа келер болсақ, бұл өте маңызды мәселе. Қазақстан әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарынан көрінуді көздеп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін, Қазақстан алдымен елдегі әйелдердің жағдайын жақсартуы тиіс", - деді сарапшы.

Шетелдік маманның айтуынша Қазақстанда гендерлік саясат бір жолға қойылғанымен, әлі де шешілмеген мәселелер бар көрінеді.

"Билік те болсын, басқа салада болсын ерлер мен әйелдердің үлесі тең болуы керек. Мысалы, министрлердің 50 пайызы әйелдер болуы керек. Тіпті, кешеден бері өтіп жатқан форумды қараңыздаршы? Кілең ер адамдар. Меніңше бұл жерде әйелдер көп болуы шарт", - деді ол.

Сарапшы сондай-ақ кейінгі жылдары қоғамда белең алып келе жатқан "көп әйел алу" мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

"Адам құқықытарының халықаралық стандарттар бойынша негізінен көп әйел алуға жол берілмеуі тиіс. Бұл аса жақсы үрдіс емес. Бір адамға тек өзінің сүйіктісі ғана болуы керек",-деп сөзін қорытындылады шетелдік маман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір