Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лауазымды қызметімен қоштасқан әйел қимастықтан жылап жіберді (фото)

Опубликовано:

17 мамыр күні Татьяна Голикованың есептік палата төрайым ретіндегі соңғы жұмыс күні болды. Неше жылдан бері туғанындай болып кеткен әріптестерімен қоштасқан әйел көз жасын тыя алмады деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

52 жастағы саясаткер әйел лауазымының жоғарылауына байланысты есептік палатадан кетуге мәжбүр болған. Татьяна Голикова енді білім, денсаулық сақтау және қоғамдық саясат сұрақтары жөніндегі вице-премьер болып тағайындалды.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Бұл шенге палата төрайымының кандидатурасын Дмитрий Медведевтің өзі ұсынған. Владимир Путин болса, еш ойланбастан вице-премьер лауазымын еңбеққорлығымен бағаланған Голиковаға табыстауды шешті.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Жаңа жұмыс орнына кіріспес бұрын, 52 жастағы саясаткер өзінің енді бұрынғы әріптестерін соңғы жиналысқа шақырып жинаған. Олардың алдында төрайым ретінде соңғы рет сөз сойлеген Голикова сезімдеріне ерік беріп, жылап жіберді.

Ерекше салқынқандылығымен танылып, үнемі ұстамды жүретін азаматша әріптестерімен қоштасарда көз жасын тыя алмады.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Есептік палата қызметкерлері басшыларының еңбоққорлығы мен қайсарлығын жоғары бағалап, мақтау сөздерін аямай жаудырған. Саясаткер құрметіне жиылған көпшілік оған жаңа лауазымында сәттілік тілеп шығарып салды.

Айта кетейік, Татьяна Голикованың есептік палата басшылығында болған жылдары мемлекет бюджетіне 42,2 миллиард рубль қайтарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1732536-lauazymdy-kyzmetimen-kostaskan-jel-kimastyktan-zylap-ziberdi-foto/

pixel