RU
Қытайлық ірі компания Ақмола облысының шаруашылығын қолға алмақшы
Жаңалықтар Қоғам

Қытайлық ірі компания Ақмола облысының шаруашылығын қолға алмақшы

Рассказать Вконтакте

Қытайлық «CITIC» халықаралық инвестициялық корпорациясы Ақмола облысының ауыл шаруашылық саласына үлкен көлемде инвестиция құймақшы деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми интернет ресурсына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытайдың тағы бір ірі компаниясы Ақмола облысы

Қытайдың тағы бір ірі компаниясы Ақмола облысына инвестиция құймақшы

Өткен жылы қараша айында Ақмола облысының делегациясы өңiр басшысының бастауымен Пекин қаласында өнеркәсiптiк және инвестициялық құрылымдардың өкiлдерiмен бiрқатар iскерлiк кездесулер өткiзген болатын.

Бүгiн қытайдың Қазақстанмен көп жылдан берi жемiстi ынтымақтастық жасап келе жатқан «CITIC» халықаралық инвестициялық корпорациясының делегациясы жауапты сапармен келдi.

Инвестиция тарту Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бiрi болып табылады.

Қазақстан астығының 25 пайызын өндiретiн Ақмола облысы Қытайдың жетекшi компанияларының қызығушылығын тудырып отыр.

«CITIC» корпорациясының өкiлi Гэй Кайхуамен кездесуде облыс әкiмi мал шаруашылығын, өсiмдiк шаруашылығын, соның iшiнде майлы дақылдар өсiрудi және бұдан әрi дамыту мәселелерiн талқылады.

Кездесудiң қорытындысы бойынша компания өңiрiмiздiң экономикасын инвестициялауға жоғары қызығушылығын бiлдiрдi.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
10
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel