RU
Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасы тергеудегі олқылықтарды жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасы тергеудегі олқылықтарды жайып салды

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студент Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова баспасөз мәслихаты барысында журналистерге қызының өліміне қатысты тергеу жұмыстарының мән-жайын айтты деп хабарлайды Today.kz.

Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасы

Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасы

"Істе түсініксіз жайттар көп. Томирис екеуміз сол күні жүз мәрте хат жазыстық. Өте жақын болдық. Тергеу біздің ойымызша лайықты түрде жүріп жатқан жоқ, кей жерлері бір жақты жүруде. Менің болжамым бойынша, қысым бар сияқты. Істелуі керек тергеу әрекеттері жасалмай отыр. Мысалы, Томириспен бір аудиторияда болған Мұртазәлі Меджиевтің таныстарынан ғана түсініктеме алынды. Тергеуші маған оның өз түсініктемесінде аудитория есігін үстелмен тіреп қойғанын айтқанын жеткізді. Не үшін бұлай істегенін біз білмейміз. Екі ересек адам бөлмеде болған, біреуі қазір өмірде жоқ, ал екіншісі күдікті ретінде де танылмай отыр. Ол куәгер ретінде келген", – деді Жанна Ахметова.

Студент қыздың анасы істе дәрігерлердің де сөзі дәлел ретінде тіркеліп тұрғанын айтты. Дәрігерлер бұның суицид болуы мүмкін емес екенін хабарлаған. Бұған қыздың алған жарақаттары куә.

"Қызыма ота жасаған дәрігерлердің сөзінше, алған жарақатының сипаты бойынша ол арқасымен құлаған, ал тергеу оның қолымен құлағанын айтып отыр. Оның тырнағы сынған, яғни, ол бірдеңеден ұстап қалуға тырысқан. Біз қолының жарақаты туралы хабарлаған соң тергеу терезеден тырнақты тапты. Томпи тірі болғанда ешбір сараптама жүргізілмеді, жұғынды алынбады, тырнағының сынған тұсы, Меджидов зерттелмеді, қызым оған жармасқан да болуы мүмкін ғой. Ол қайтыс болған соң ғана әрекет басталды. "Қазір жүріп жатыр ма?" деген сұрақ туындайды. Куәгерлер жоғалып жатыр, яғни олар басында болған, қазір жоқ. Тергеу бұны суицид ретінде тіркеуге бізді мәжбүрлеп отыр", – деді Ахметова.

Студенттің анасы тергеу органдарына беру үшін қызының психологиялық жай-күйі туралы барлық қажетті құжатты жинақтап жатқанын айтты. Әйелдің сөзінше, құқық қорғау органдары суицид жайлы нұсқаны Меджидовтың түсініктемесіне орай қарастыруда, қыздың студенттік жатақханада төрт жыл бірге тұрған таныстарынан ешкім түсініктеме алмаған.

Ахметова істе болған оқиғаның үш түрлі жеткізілгенін хабарлады.

Бірінші нұсқаны жігіттің туысқандары айтқан – екеуі сөйлесіп жатқанда Меджидов бұрылып кетіп, қыздың қалай секіргенін көрмей қалған. Тергеу нұсқасы бойынша, жігіт партада отырған, ал қыз өздігінен терезеге шығып, секіріп кеткен.

"Біз ешкімді кінәламаймыз, әділетті тергеу жүргізілгенін сұраймыз. Меджидов өзі бізге айтқан үшінші нұсқа – мынау. Томирис комаға түсіп кеткенде, жігіттен маған қоңырау шалуын сұрадым, қызым соңғы минуттарда не ойлағанын, не істегенін білгім келді. Жазған хабарламам телефонына соңғы сәтте келгенін білемін. Оны 12:42-де жібергем, оған сурет жолдамақ болдым. Меджидовтан: "Ол оны көрді ме?" деп сұрадым, ол: "Иә, көрді" дейді. Мен айтам: "Қайдан білесің?" деп. Ол: "Мен де көрдім" дейді. Яғни ол суретті көретіндей жақын жерде тұрған. Бұл миға сыймайды ғой, қызы анасының хабарламасын оқиға болардан екі минут бұрын көрген, телефонды орнына қойып, секіріп кетпейді ғой. Бұлай болмайды. Сосын маған тағы айтқаны: "Бұл картина көз алдымда үнемі жүреді" дейді. Мен "Қандай?" деп сұрадым. Ол қызымның қалай құлағанын, айғайлағанын, жерге түскенін көргенін айтып тұр. 1,3 секунд секірген, төртінші қабат – 12 метр, сіз үстелден тұрғанша бұдан көп уақыт кетеді. Яғни ол жігіт қызыма өте жақын жерде тұрған. Нұсқалар көп болса, қайсысы ақиқат?" – деді Жанна Ахметова.

Томирис Байсафаның ата-анасы әділетті тергеу жүру үшін қазақстандық және ресейлік журналистерден болған оқиғаға назар салуды сұрайды. Сондай-ақ Ресей аумағында заңгер кеңесін алу мақсатында адвокаттар мен құқық қорғайтын адамдардан көмек күтеді.

Естеріңізге салайық, 13 сәуірде МГИМО ғимаратының төртінші қабатынан қазақстандық Томирис Байсафа құлап кетті. Оқиға оқу орнының екінші бір студенті Мұртазәлі Меджидовпен әңгімелескен соң болған. Куәгерлердің сөзінше, бұл жайтқа Мұртазәлімен ренжісіп қалған соң барған болуы мүмкін.

РФ тергеу комитеті "Өлімге дейін әкелу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Меджидов – Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы. Томирис Байсафа 3 мамырда қайтыс болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
12
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір