RU
Назарбаева ұстаздар мен дәрігерлерге тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаева ұстаздар мен дәрігерлерге тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Сенат депутаты Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Назарбаева. Фото: Zonakz.net

Назарбаева. Фото: Zonakz.net

Сенатта "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған болатын.

"Мұғалімдер мен дәрігерлер - үлкен азаматтық сектор. Олар бүгінгі күні баспанамен қамтамасыз етілу жағдайы бойынша өте әлжуаз болып отыр. Әзірге ешбір ипотекалық бағдарлама олардың тұрғын үй мәселесін толық көлемде шеше алмай келеді", — деді Дариға Назарбаева.

Ол мұғалімдерге арнайы тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

"Оларға қалай көмектесуге болады? Біз оларды мемлекеттік және азаматтық қызметке ұмтылып, өз біліктілігін арттыруға ынталандыруымыз қажет. Сондықтан олар үшін әскери қызметшілер секілді жеке бағдарлама әзірлеуді ұсынамын", — деді Назарбаева.

Сенат депутаты баспана мәселесі өзекті болып отырғанын алға тартты.

"Қазір баспана мәселесі өте өзекті. Жыл сайын тұрғын үй көлемін арттырып жатырмыз, бірақ халық саны да өсіп жатыр. Сондықтан алдағы жүз жылда баспанаға мұқтаж халықтың бәрін қамтамасыз ете алмаймыз деп қорқамын", - деген алаңдаушылығын білдірді сенатор.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
1
12
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір