RU
Гарри ханзаданың тойына келген бұрынғы сүйіктілері көз жасын әзер тоқтатты (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Гарри ханзаданың тойына келген бұрынғы сүйіктілері көз жасын әзер тоқтатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Желіде қызу талқыға Гарри ханзаданың үйлену тойына оның бұрынғы кездескен қыздары да қатысқан. Көптің назарына іліккен екі бикештің салтанатты рәсімге не себепті келгенін peopletalk.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: peopletalk.ru

Фото: peopletalk.ru

Гарри мен Меганның тойын қатысқан ханзаданың бұрынғы сүйіктісі - зимбабелік миллионердің қызы Челси Дэйви болды. Олар жеті жыл бойы қол ұстасқан бақытты жұп болған. Көпшілік олардың үйлену тойын асыға күтіп отырғанда, бойжеткенге атақты жігітін БАҚ-тың көп мазалайтыны жақпай қалып, айырылысып кеткен.

Фото: peopletalk.ru

Фото: peopletalk.ru

Гариидің тойында Челси фотографтарға күле қарап, өзін барынша көңілді ұстаған.

Фото: peopletalk.ru

Фото: peopletalk.ru

Ал Гарридің екінші сүйіктісі - актриса әрі биші Крессида Бонас ханзада өмірінде Челсиден кейін пайда болған ару болатын. Олар екі жыл кездесіп, жолдары екіге айырылған. Әлем назарында болған тойда Крессида өзінің көңілсіз күйін жасыра алмады. Тіпті Гарри Меганмен некесін қиып жатқанда көз жасын зорға тоқтатты деуге болады.

Фото: peopletalk.ru

Фото: peopletalk.ru

Айта кетейік, Гарридің жұбайы Меген Маркл оның бұрынғы сүйіктілерін салтанатты рәсімге шақыруға қарсы болған. Сондай-ақ актрисаның өзі де бұрынғы жұбайын тойына шақырмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір