RU
Атышулы тележүргізуші: Ресейде Путинді ешқашан жеңе алмайсың
Жаңалықтар Саясат және экономика

Атышулы тележүргізуші: Ресейде Путинді ешқашан жеңе алмайсың

Рассказать Вконтакте

Астанада өтіп жатқан Global Challenges Summit атты Астана экономикалық форумына келген ресейлік танымал тележүргізуші Ксения Собчак өз cөзінде Ресей президенттігіне үміткер болуы жайлы баяндап берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Атышулы Собчак: Ресейде Путинді ешқашан жеңе алмайсың

Атышулы Собчак: Ресейде Путинді ешқашан жеңе алмайсың

"Казино ойнағанда ұта алмайсың ғой. Сол сияқты Ресейде Путинді жеңе алмайсың. Өкінішке орай, Ресейде қазір мынадай əзіл бар: ата-анаңды, жынысыңды сосын президентіңді таңдай алмайсың деген пікір қалыптасқан", - деп əзілдеді тележүргізуші.

Сонымен бірге, ол Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынас жайлы да атап өтті.

"Өздеріңіз білесіздер Қырым Ресейдің құрамына енді. Қазір адамзат дамыған, өркениетті қоғамда емеспіз бе? Бұл жерде тек ел территориясын үлкейтемін деп осындай саяси маңызды қадамға барудың өзі артық. Ел" аумағы түк шешпейді, онымен мемлекет пен оның тұрғындарының əл-ауқаты артпайды", -деді тележүргізуші.

"Сиыр болмаса сүт болмайды ғой. Сол сияқты мықты ел болу үшін де берік негіз керек",-деді Собчак.

Айта кетейік, кеше Астанада «Астана экономикалық форумы» өз жұмысын бастаған болатын. Күллі әлем көз тіккен шараны елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп ашты.

Сондай-ақ, форумда Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы Әлия Назарбаева да бой көрсетті.

Ал Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк форумға ерекше киініп келіп, елдің назарын аударды.

Көпетеген министрлер мен шенділер қатысқан жиында өз баяндамасын қазақ тілінде оқыған Қанат Бозымбаев көпшілікті сүйсіндірген еді.

Ең қызығы, форум алаңынан тікелей эфирге шыққан журналист қызды бейтаныс жігіт сүйіп алып, елді елең еткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
4
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір