RU
Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды
Жаңалықтар Қоғам

Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте салықтан жалтарған дөкейлер көліксіз қалды. Қалада бірнеше жылдап салық төлемеген дәулетті азаматтардың кесірінен мемлекетке 112 миллион теңге қарыз жиналып қалған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды

Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды
Source: UGC

Салықтан жалтарған дөкейлерді мемлекеттік кірістер басқармасы мен жергілікті полиция қызметкерлері көшеде қуып жүріп, мүліктерін тартып алды.

Қалдағы бір ғана Еңбекші ауданында көлік салығын төлемеген 6500 азаматқа сот шешім шығарған.

Бақуатты азаматтардың мемлекетке берешегі жүз миллион теңгеден асады.

Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды

Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды
Source: UGC

"Автокөлікті айыппұл тұрағына жеткіземіз. Көлікті көріп, бағалау жұмыстарын жүргізіп, электронды аукцион арқылы сатамыз. Одан түскен ақшаны мемлекеттің қазынасына құямыз. Егер борышкер салығын төлеп үлгерсе, көлігі айыппұл тұрағынан жүргізушіге қайтарылады", - дейді ОҚО өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Мақсат Қожанов.
Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды

Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды
Source: UGC

Бірнеше қымбат көлікті тізгіндей тұра, оларды туған-туыстарының атына жазып қойғандардың арасында да салықтан жалтарып жүргендері бар.

Ондай "Шығайбайларды" да анықтау орган қызметкерлеріне тапсырылды.

Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды

Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды
Source: UGC

Немесе жылдар бойы пайдаланылмай, салығы да төленбей, гараж, аулаларда қаңтарылып тұрған көліктер болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
1
36
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel