RU
Министр Абаев: Тілшілер еш жерде шықпаған ақпарат тауып үйрену керек
Жаңалықтар Қоғам

Министр Абаев: Тілшілер еш жерде шықпаған ақпарат тауып үйрену керек

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада өтіп жатқан экономикалық форумға Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты. Ол БАҚ-та белең алып келе жатқан жалған ақпарат тақырыбында ой өрбітті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Абаев

Дәурен Абаев

Аталған тақырыпқа арналған жиынға министрмен қатар NUR.KZ, informburo.kz сынды ақпараттық порталдардың басшылары мен медиа саласындағы бірқатар шетелдік мамандар қатысты.

Ақпарат министрі аталған тақырыпқа арналған сессияны ашып, сөз сөйледі.

"Фейк-ньюс қазіргі таңда жиі көрініс тауып жүрген құбылыс. Журналистерге одан арылу үшін еш жерде шықпаған ақпарат табуды үйрену керек", - деп қысқа қайырды министр.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада экономикалық форум өтіп жатыр. Оған көптеген елдердің ғалымдары мен түрлі сарапшылары, белгілі БАҚ өкілдері қатысуда.

Бүгін баяндамасымен сөз сөйлеген атышулы ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак президенттікке үміткер болуы жайлы баяндап берді.

Сондай-ақ, ол Қазақстан - Ресейдің "інішегі" немесе оған əлі күнге жалтақтайды деген пікірдің жаңсақ екенін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір