RU
Қыздары бойжетіп, немере сүйген Бақыт Шадаева тұрмысқа шықпақшы
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қыздары бойжетіп, немере сүйген Бақыт Шадаева тұрмысқа шықпақшы

Рассказать Вконтакте

Қазақ шоу-бизнесіндегі бірнеше әнші таяуда тұрмысқа шықса, таң қалмаңыз. Ең бастысы, олар жас бикештер емес, орта буынның өкілдері. Өйткені, оларға ержеткен балалары рұқсат беріпті. Қалыңдық атануға қамданғандардың көшін Бақыт Шадаева бастамақшы деп хабарлайды НТК арнасындағы "Ревюге" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шадаева

Бақыт Шадаева

Осыдан бірнеше жыл бұрын шығармашылығын бір шетке ысырып, бар уақытын қыздарына арнаған Бақыт Шадаеваның бүгінде кенжесі бойжетіп қалса, тұңғышы тұрмыста.

Есейіп, етек-жеңін жиған олар аналарының бір басы екеу болғанын құп көреді.

"Олар қазіргі таңда мені одан да артық түсінетін сияқты. Неге десеңіз, өздері жанұялы болып, екі басты болып жатыр. Олар, менің жалғыз жүргенімді көріп, әрине қам жейді ғой. Кішкене қобалжиды. Олар жақсы бір жар болсын деп тілейді. Бірақ, енді жақсы жарды көшеден таба алмайсың. Бұйырғаны болады", - дейді Шадаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
2
1
3
3
41
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel