Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енесінен кеткісі жоқ күйеу бала оның пәтеріне рұқсатсыз кіріп алды

Опубликовано:

Волжский қаласында енесінің үйінен кеткісі келмейтін бұрынғы күйеу баласы сотта жауап беруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы volgograd.kp.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Отбасы. Көрнекі фото: Vsemenova
Отбасы. Көрнекі фото: Vsemenova: UGC

Енесінің үйіне жақсылап жайғасып алған ер адам кетуден түбегейлі бас тартып отыр. Ал бұрынғы күйеу баласын өз пәтерінен көргісі келмейтін әйел амалсыз полиция көмегіне жүгінген.

Тәртіп сақшылары оны пәтерден қуып шыққанымен, ер адам пәтерге қайта кіріп, тіпті есіктің кілтін ауыстырып алыпты.

Соттың шешіміне қарсы шығып, пәтерді босатудан бас тартқан азамат енді билік өкілдеріне бағынбағаны үшін де жауапқа тартылады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1732614-enesinen-ketkisi-zok-kjeu-bala-ony-pterine-rksatsyz-kirip-aldy/

pixel