RU
Ақтөбеде бұзақылар автобус жүргізушісін пышақтап, кондукторды ұрып кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде бұзақылар автобус жүргізушісін пышақтап, кондукторды ұрып кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қоғамдық көліктің 30 жастағы жүргізушісі пышақ жарақатын алып, кондуктор соққыға жығылды. Оқиғаны «Автопарк» ЖШС-нің заңгері Руслан Жылқаманов растады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде

17 мамыр күні сағат 22:00-де «Автопарк» ЖШС-нің жүргізушісіне шабуыл жасалған. Оқиға №26 бағыттағы маршрутта болды.

Жолаушылар мен жүргізушінің айтуынша, екі жігіт 11-шағын ауданы аялдамасынан мініп, қоғамдық көліктегі адамдарға тиісе бастаған. Екі күдікті сабырға шақырып, ескерту жасаған кондуктор мен жүргізушіге көнбей, оларды далаға алып шығыпты.

Сосын біреуі пышақ алып, жүргізушіні жаралаған. Жолаушылар жедел жәрдем шақырып, зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Ал күдікті екі жігіт оқиға орнынан қашып кетіпті.

Анықталғандай, ауруханада жүргізушіге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін,ол үйіне жіберілген.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
4
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір