RU

Жылдың қай айында ең ақылды адамдар дүниеге келетіні анықталды

Ғалымдар қыркүйек айында дүниеге келген адамдардың өзгелерден ақылдырақ болатынын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы limon.postimees.ee сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақыл. Көрнекі фото: Рамблер/женский
Ақыл. Көрнекі фото: Рамблер/женский: UGC

Кембридждің және Массачусетс штатының ғалымдары 6 және 15 жас аралығындағы 1,2 миллионнан астам балаға зерттеу жүргізеді.

Олар National Bureau of Economic Research атты ғылыми журналға зерттеу нәтижелерін жариялаған.

Зерттеу барысында ғалымдар қыркүйек айында дүниеге келген балалардың әлдеқайда ақылдырақ екенін және сабақта үлгерімі жақсы болатынын анықтады.

Олар жоғары оқу орындарына түсіп, өз болашаған шебер жоспарлай біледі екен. Оның үстіне қыркүйек айында туғандар қылмысқа сирек баратыны анықталған.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732617-zyldy-kaj-ajynda-e-akyldy-adamdar-dniege-keletini-anyktaldy.html