RU
Қарағандыда сабақтан соң қала сыртына кетіп қалған қызды пойыз басып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда сабақтан соң қала сыртына кетіп қалған қызды пойыз басып кетті

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 18 жастағы Венера Жақыпова жұмбақ жағдайда қаза тапты. 11 сынып оқушысын қаладан 100 шақырым жерде пойыз басып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Пойыз. Көрнекі фото: Наше Місто

Пойыз. Көрнекі фото: Наше Місто

Мұғалімдердің айтуынша, оның тәртібі мен үлгерімі жақсы болған. Сынақ ретінде өтетін ҰБТ-дан да 100 балдан жоғары алып жүріпті.

Сарыбел және Анар станцияларының арасында сағатына 100 шақырым жылдамдықен келе жатқан пойыз машинисі оқушыны рельстен көргенде бәрі кеш болыпты.

Тежегішті тартқанымен, тоқтай алмаған пойыз Венера Жақыпованы басқан екен. Оқушы сол күні тіпті сабақтардың бәріне қатысып кеткен.

"Көз алдымызда өскен бала болғандықтан, әрине, бізге өте ыстық. Ол қыздың орны босап қалды деп айтсақ та болады", - дейді № 93 гимназия директорының орынбасары Құралай Көбекова.

11 сынып оқушылары Венераның сол күні көңіл-күйінің түсіп тұрғанын, бірнәрсеге өкпелеп тұрғандығын байқамаған.

Ал Венераның анасы осыдан 10 жыл бұрын қайтыс болыпты. Содан бері ол әкесі мен аға-жеңгесінің қолында өскен. Ұстаздары олардың балаға берген тәрбиелеріне сын айта алмаймыз дейді.

Ал қыз өзіне қол салды ма, әлде бұл оқыстан болды ма, ол жағын полицейлер әзірге анықтамады.

Венераның сабақтан кейін қаладан 100 шақырым жерде не істеп жүргені де әзірге жұмбақ.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
10
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel