RU

Кубада жүздеген жолаушысы бар ұшақ құлап түсті (фото)

Жүздеген жолаушысы бар ұшақ Кубадағы Гавана әуежайында көкке көтерілген бойда жерге құлады. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Апат орны. Фото: @MaestroDEPR
Апат орны. Фото: @MaestroDEPR: UGC

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлауда. Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған Mirror басылымының ақпаратына сәйкес, лайнер бортында 107 жолаушы болған.

CNN мәліметі бойынша, Boeing 737 ұшағы кубалық Cubana de Aviacion әуе компаниясына тиесілі.

Ол Оңтүстік Американың солтсүстік-шығыс жағалауындағы Гайна еліне бет алған болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732636-kubada-zzdegen-zolausysy-bar-sak-klap-tsti-foto.html