RU
Екі әйелімнің де аяғы ауыр: Шымкент тұрғыны бәйбіше мен тоқалынан 10 бала сүйіп отыр
Жаңалықтар Қоғам

Екі әйелімнің де аяғы ауыр: Шымкент тұрғыны бәйбіше мен тоқалынан 10 бала сүйіп отыр

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да екі әйелімен тату-тәтті тұрып жатқан 10 баланың әкесі көп әйел алудың нендей пайдасы барып айтып берді, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Екі әйелімнің де аяғы ауыр: Шымкент тұрғыны бәйбіше мен тоқалынан 11 бала сүйіп отыр

Екі әйелімнің де аяғы ауыр: Шымкент тұрғыны бәйбіше мен тоқалынан 11 бала сүйіп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай қаласының тұрғыны Нұрдәулет Түркменбаев бүгінде он баланың әкесі. Бірінші некесінен 5 қыз, 1 ұлы бар.

Өз кәсібін бастап, ісі өрге жүзе бастаған иманды жігіт екінші рет шаңырақ көтеруге бел буады. Тек кейбір қалталы азаматтар секілді өмірдің оңы мен солын әлі тани білмеген жас қызды алмады. Бір рет тұрмыста болған, 1 ұл мен 1 қыздың анасымен отау құрған.

"Екінші рет үйленуіме ол әйелдің өзі себепші болды. Өмірі ерекше, тағдыры қиындыққа толы болыпты. Қатты қиналған. Кейін ол қарындаспен сөйлесіп, жағдайымды айттым. Үйленгенімді, ұл-қыздарымның барын жасырмадым. "Иман жолына түссең, сені екінші әйелдікке алайын. Денің сау, Алланың берген перзентін дүниеге әкелерсің" деп түсіндірдім",-деді екі отбасына отағасы болып отырған азамат.

Алғашында оның бұл шешіміне бірінші әйелі қарсылық танытыпты. Дегенмен өз мақсатын жарына түсіндіріп берген соң арадағы мәселе шешімін табады.

"Бәйбішеме о баста-ақ ойымды ашық айттым. Жасырған жоқпын. Қарсылық көрсетті, кейін келісті. Пайғамбарларымыздың да әйелдерінде қызғаныш болған ғой. Ата-анама да екінші рет шаңырақ көтеруімнің себебін түсіндірдім. Бәйбішем 5 қыз, 1 ұлды дүниеге әкелді. Бұрын тұрмыста болған екінші әйелімнің екі перзенті болды, қазір ортақ 1 ұл мен 1 қызымыз бар. Алланың қалауымен, осылайша 10 баланың әкесі атанып отырмын. Ешқайсысын бөліп-жарған емеспін. Қазіргі таңда екі әйелімнің де аяғы ауыр. Алла нәсіп етсе, биыл 12 перзенттің әкесі болмақпын. Елбасымыздың егер ашаршылық және соғыс заманы болмағанда қазақ саны 60 миллионға жететін еді деген сөзін өз құлағыммен естідім. Ендеше, жағдай келіп тұрса, неге халық санын көбейтпеске?",-деді Нұрдәулет Түркменбаев.

Халық санын көбейтуді басты мақсаты санаған ер азамат бойдақ жігіттерді көріп қалса, "Үйленіңдер, көбейіңдер" деп кеңесін үнемі айтып жүретінін жасырмады. Айтуынша, сүр бойдақтар қаптап кетсе, халық саны қалай көбеймек?

"Некесіз әйелдерге бару дұрыс емес. Бізде шүкір, жағдайы бар азаматтарымыз тұрмыста болсын, болмасын әйелдерді қамқорлығына алып, ұрпақ санын көбейтіп жатыр. Негізі көпбалалы болудың артықшылығы өте көп. Өзім сондай отбасынан шықтым. Анам 11 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген балада бауырмалдылық, мейірімділік басымырақ болады. Ертең өскенде бір-бірін демейді. Оны әйелдеріме де үнемі айтып отырамын" деп сөзін жалғады жетісайлық тұрғын.

Кәсіпкер азамат екі әйелімен бір шаңырақта тұрмаса да, екеуі бір-бірімен жақсы араласып тұратынын жеткізді. Ал бір үйде екі әйелмен тұру қиын дейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
8
17
4
8
79
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel