RU
Қарттар үйінде орын жоқ: Қараусыз қалған қариялар енді қайда барарын білмей жүр
Жаңалықтар Қоғам

Қарттар үйінде орын жоқ: Қараусыз қалған қариялар енді қайда барарын білмей жүр

Рассказать Вконтакте

Петропавлдағы қарттар үйінде мүлдем орын жоқ. Тағдырдың тәлкегімен жақындарынан айырылып, жалғыз қалған қариялар қайда барарларын білмей әлек. Қазірдің өзінде еліміздің солтүстігінде қарттар үйін паналаған зейнеткерлердің саны бес жүзге жеткен деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қарттар үйінде орын жоқ: Қараусыз қалған қариялар енді қайда барарын білмей жүр

Қарттар үйінде орын жоқ: Қараусыз қалған қариялар енді қайда барарын білмей жүр

Қариясын қастерлеген елде қарттар үйлері ата-әжелерге лық толуы өте күрделі мәселе. Немересін бағып, балаларының ортасында отыратын шағында даладан пана іздеп жүрген қарттардың қарасы бүгінгі күні көбейген.

Петропавлдағы қараусыз қариялар мекені енді қосымша орындарды қосу жолдарын қарастырып жатыр. Мекеменің бұл шешіміне жыл сайынғы жалғыз қалыған қарттар кезегінің өсуі себеп болған.

Бірі жарымжан жан болса, екіншісінің жақындары қалмаған. Тіпті алдағанның арбауына түсіп, үй-күйсіз дала кезіп қалған кейуаналар мен қариялар да осы жерден пана іздеп келіп жатады. Сол себепті, енді қарттар үйлерінде жаңадан қосымша орындарды ашу еліміздің басқа қалаларындағы қариялар мекендеррінде де қарастырылуда.

Қарттар үйі мен СҚО әлеуметтік бағдарламалар басқармасы біріге отырып, қараусыз қалған петропавлдық зейнеткерлердің мәселесін жақын арада шешетіндерін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
8
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel