RU

Сенбіге арналған ауа райының болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алайда кейбір өңірлерде қатты жел соғып, жаңбыр да жаууы мүмкін деп хабарлайжы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сенбіге арналған ауа райының болжамы
Сенбіге арналған ауа райының болжамы: UGC

Еліміздің солтүстік батысында, солтүстік шығысында, шығыста және оңтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерде тіпті жел күшейіп, тұман түспек.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732649-senbige-arnalgan-aua-rajyny-bolzamy.html