RU

Әнші еместердің бәрі сахнада жүр: Ақбота Керімбекова өнердегі әріптестерін сынап тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал әнші қазақ эстрадасында жүрген білімі жоқ ән орындаушыларын сынға алды. Ақбота Керімбекова кәсіби білім алуды керек етпейтін бүгінгі күннің өнер иелері қасиетті сахнаны ластап жүргенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Өнердегі әріптестері туралы мұндай пікірді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатын барысында білдірген. Тұрмысқа шығып біраз уақыт үзіліс алған Ақбота өнерде жүрген әнші-сымақтардың білім саяздығын басып айтты.

Әншінің айтуынша, бүгінгі күні кәсіби білімі жоқ, тіптен нота танымайтын өнер шоубизнес өкілдерінің қаптап кеткен. Бұл жағдай Ақботаға ауыр тиетін көрінеді.

"Қазіргі таңда әнші еместердің бәрі сахнада жүр ғой. Бүгінгі күннің жұлдыздары білім алуды маңызды деп санамай, әншілігін шыңдауды қажетсінбейді де.Олар бұл әрекеттерімен киелі сахнаны тек қана ластап жүр", - деп айтты әнші.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әнші еместердің бәрі сахнада жүр: Ақбота Керімбекова өнердегі әріптестерін сынап тастады
Mailfire view pixel