RU
Ақбота Керімбекова: Қоғамда 4-5 рет байға тигендер жетіп артылады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Керімбекова: Қоғамда 4-5 рет байға тигендер жетіп артылады

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші өзін үш рет тұрмысқа шыққаны үшін сынағандарға жауап берді. Ақбота Керімбекова жеке өміріне қатысты негативті пікірлерге еті үйреніп қалғанын айтып, өзінен де басқа 4-5 рет күйеуге шыққан әйелдерде аз еместігін жетізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова: Қоғамда 4-5 рет байға тигендер жетіп артылады

Ақбота Керімбекова: Қоғамда 4-5 рет байға тигендер жетіп артылады

Осымен үшінші рет кеоін атанып отырған Ақбота Керімбекова өзіне деген халық наразылығын түсінбейтінін айтты. Отандық әнші өзінің бақытты күндерінің бірі үйоену тойының ел талқысына ұласып, керағар пікірлерге ие болатынын күтпеген.

Әнші ақпарат құралдарын арнайы өз тойына шақырмаған болып шықты. Оның айтуынша, жақындар арасында ғана өткізбек болған тойда, ол өз қонақтарына желіге сурет жүктемеулерін сұрауға ұмытып кеткен.

Нәтижесінде, тыныш жағдайда өтуге тиіс болған думанға күллі қазақстандықтар куә болды.

Біраз уақыт демалыс алып сахнаға қайта оралған Ақбота, өзінің бірнеше рет тұрмысқа шыққанына наразы болғандарға да тиісті жауабын берді.

"Мен бір еріккеннен үшінші рет тұрмысқа шығып жатқандай айтады. Қалай болғанда да ол менің жеке өмірім. Менен басқа 4-5 рет байға тиген әйелдер жетіп артылады ғой. Көпшілік мені журналистерді тойыма шақырып, әдейі мақтанғым келді деп айтып жатыр. Ол қате ақпарат. Мен ешбір ақпарат өкілін шақырған емеспін", -деп қайырды Ақбота.

Оған қоса, әнші өзінің ажырасып кетті деген қауесеттердің жалған екенін айтты.

"Бізді ажырасып кетті деген әңгіме де шыққан. Қайдан табатындарын білмеймін шындыққа жанаспайтын мәліметтерді. Біз ажырасқанымыз жоқ, сәл ренжіскен кезіміз болмаса. Қазір бәрі орынды", - деп қорытындылады әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
3
1
3
6
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel