RU
100 шақты адам қаза тапқан Кубадағы ұшақтың неліктен құлағаны белгілі болды (фото, видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

100 шақты адам қаза тапқан Кубадағы ұшақтың неліктен құлағаны белгілі болды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Кубада бортында 110 адамы бар Boeing 737 ұшағының неліктен құлағаны белгілі болды. Бұл жайында "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Boeing 737

Фото: Boeing 737

Ұшақтан техникалық ақаулар табылған. Бортинженердің айтуынша, ол ұшақ апатқа ұшырамастан бірнеше минут бұрын экипаж мүшелерімен сөйлескен. Сондай-ақ ұшақ әуеге көтерілер алдында да кездесіп, тілдескен екен.

"Оларды енді көре алмайтыным өкінішті. Мұның барлығы техниклаық ақаулардың әсерінен болды", - деді маман.

Айта кетейік, елбасымыз Назарбаев Куба елінің президентіне көңіл айтып, ашық хат жолдады.

Фото: Boeing 737

Фото: Boeing 737

Ал ұшақтың қысымын реттеп отыратын құралды мамандар әлі таппай жатыр.

Boeing 737 ұшағы техникалық ақаулармен апатқа ұшыраған еді. Оның экипажында жалпы 110 адам болған. Қайғылы оқиғадан үш жолаушы аман қалғанымен, артынша екеуі өмірден өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
15
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel