RU
Ақбота Керімбекова неліктен қымбат киім киіп, гауһар тақпайтынын айтып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Керімбекова неліктен қымбат киім киіп, гауһар тақпайтынын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Ақбота Керімбекова жеке өмірі жайлы сырымен бөлісті. Әнші өмірінің өкінетін сәттері мен үш ұлын қалай өсіріп келе жатқанын айтты деп хабарлайды "The эфир" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова. Фото: jasqazaq.kz

Ақбота Керімбекова. Фото: jasqazaq.kz

Әншінің айтуынша, одан ақыл сұрайтын жастар көп екен.

"Көп жағдайда "Отбасыңды сақтап қал" деп ақыл айтамын. Алайда әлеуметтік желі дегенді ұнатпаймын. Көп жерден көріне бергім келмейді. Тапқан табысымды балаларыма салып жатамын. Мен қазір қымбат киім кимесем де, гауһар тақпасам да болашақта болады. Себебі, үш ұлым үш жерді тіреп тұрады. Сол кезде киемін, тағамын", -деді әнші.

Әнші сахнада жүрген өнер иелерінің арасында қабілеті жоқтарды сынап тастаған болатын. Сондай-ақ Керімбекова ешқашан атаққа құмар еместігін де жайып салды.

"Сұмдық танымал болмасам да, Ақбота деп танып жатады. Мен атаққа құмар болмасам да, Алла маған осы танымалдылықты сыйлады", - деді Ақбота.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel