RU

Алматыда 4 жастағы бала үш күннен бері табылмай жатыр (фото)

Алматыда 4 жастағы Әрсен Көмеков үш күннен бері табылмай жатыр. Ата-анасы балақайды 17 мамырдан бері іздеуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ішкі істер департаменті
Фото: Ішкі істер департаменті: UGC

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, "Шаңырақ" ауданында тұратын балақай сол күні түстен кейін ата-анасының қарауынсыз сыртта ойнап жүрген.

Әрсеннің әке-шешесі сол күні кешкі 9-да полицияға хабарласқан. Олар оған дейін баланы өздігінен таппақ болыпты.

Қазір баланы іздестіруге 100-ден аса адам жұмылдырылған. 18 мыңнан астам тұрғыннан сұрау салынып, құдықтар мен арық бойлары қаралған.

Айта кетейік, жоғалған баланың ата-анасы ұлдарына қатысты ақпарат білетін адамдардан 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02; 8-701-523-17-07 номеріне немесе полиция хабарласуын өтінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732677-almatyda-4-zastagy-bala-s-knnen-beri-tabylmaj-zatyr-foto.html