RU
Қазалыда ішкіш әкесіне пышақ сұғып алған ұлы сотталып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қазалыда ішкіш әкесіне пышақ сұғып алған ұлы сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Қазалыда ішіп келген әкесімен сөзге келіп қалған ұлы оған пышақ сұғып алған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп, сот шешім шығарған деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: simferopolnews.ru

Фото: simferopolnews.ru

"Қылмыстық іс 2018 жылы 11-ақпанда сағат 21:00-дер шамасында болған. Әкесі үйіне арақ ішіп келеді. Оның мас күйін көрген баласы "Сен неге іше бересің, арақты қашан қоясың" дейді. Жәбірленуші ашуға беріліп, баласын балағаттап, кеудесінен итеріп жібереді.

Сотталушы еденге құлап, жанында тұрған дастархан үстіндегі асхана пышағын алып, әкесінің сол жақ жауырын асты тұсына тығып алған. Содан әкесінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген", - дейді судья Д.Әбдіхалықов.

Айта кетейік, аталмыш азамат кінәсін толық мойнына алған. Қазір сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру шешімін шығарған. Бірақ әзірге сот үкімі күшіне енбеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
12
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel