RU
Ақбота Сейітмағамбет: Біреудің тоқалы болғаным да жеткілікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Сейітмағамбет: Біреудің тоқалы болғаным да жеткілікті

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші әрі актриса отандық телебағдарлама аясында үлкен мәлімдеме жасап, жұртты таңғалдырды. Әдетте жеке өмірі жайлы тіс жармайтын Ақбота, енді біреудің тоқалы болғысы келмейтінін ашық айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет: Біреудің тоқалы болғаным да жеткілікті

Ақбота Сейітмағамбет: Біреудің тоқалы болғаным да жеткілікті
Source: UGC

"Түнгі студия" бағдарламасына арнайы қонақ ретінде шақырылған Ақбота Сейітмағамбет көпшілікті таңғалдырды. Бұл жолы жеке өмірі емес, жеке шығармашылығы жөніндегі жаңалықтарымен бөлісуге келген әнші махаббат тақырыбына бәрібір де тап болды.

Бағдарлама аясындағы викториналық сұрақтар кезінде көрермен "Кешьюлық" үш аруға бірдей үйленгісі келгенін айтқан. Өзі үшін аса ыңғайсыз болған жағдайдан Ақбота Сейітмағамбет оңтайлы шыға білді. Ол өзіне үйленуге ұсыныс жасаған жігітке, енді тоқал рөлінде болғысы келмейтінін білдірді.

Ақбота Сейітмағамбет: Біреудің тоқалы болғаным да жеткілікті

Ақбота Сейітмағамбет: Біреудің тоқалы болғаным да жеткілікті
Source: UGC

"Жеткілікті шығар біреудің тоқалы болғаным", - деп кесіп айтты ол.

Оның айтуынша, біреудің тоқалы болмақ түгіл, әнші әзірге қалыңдық атанғысы келмейтінін жеткізді. Қазіргі кезде актриса өміріндегі жалғыз әрі ең маңызды ер адам - өз ұлы Ибраһим.

Тосыннан жасалған ұсынысқа әнші сенімді түрде жауап бере алды. Өзінің жеке өмірі жайлы айтылатын керағар пікірлерге әншінің еті әбден үйреніп қалған сияқты.

Бағдарлама жүргізушісі бұл тұрғыда Айдарқұлов сүйіктісінің бір жыл ішінде есеіп қалғаны байқалатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
37
6
4
3
6
28
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel