RU
Канн фестивалінде жұлдызы жанған қазақстандық актриса жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Канн фестивалінде жұлдызы жанған қазақстандық актриса жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Әйгілі Канн фестивалінде үздік актриса атанған қазақстандық актриса көпшілікті таңғалдырды. Әлемнің кәсіби киносыншыларының көңілінен шыққан Самал Еслямова өз жеңісіне өзі сене алмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: .rbc.ru

Фото: .rbc.ru

Күллі кино әлемінің майталмандарын жинайтын әйгілі фестиваль биыл қазақстандық актрисаның жұлдызын жақты. Самал Еслямова өзінің "Айка" атты фильмдегі рөлі үшін үздік актриса номинациясын жеңіп алған.

Фото: .rbc.ru

Фото: .rbc.ru

Сергей Дворцевойдың туындысына түскен ару асқан кірпияздығымен танымал еуропалық сыншылар көңілінен шыққан.

Кино әлемінің бас мамандарының таңдауына іліге алмай жүрген жұлдыздар жетіп артылады. Сол себепті, әлемді мойындата білген қазақ қызы үшін бұл үлкен мәртебе болса керек.

Фото: .rbc.ru

Фото: .rbc.ru

Самал Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол танымал ГИТИС-тің актерлік факультетін үздік бағамен тәмамдаған. Бұған дейін актриса дәл сол Сергей Дворцевойдың "Тюльпан" фильміне түскен болатын.

2008 жылы бұл кино Канн фестивалінде "ерекше көзқарас" сыйына ие болды.

Фото: .rbc.ru

Фото: .rbc.ru

Араға 10 жыл салып Самал Еслямова бала кезінен арман еткен жүлдесіне ие болып, күллі әлемді үздік актриса танылып мойындатты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
2
22
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір