RU

Гарридің үйлену тойына келген бұрынғы сүйіктісі желіде күлкіге қалды (фото)

32 жастағы Челси Дэйви өзінің бұрынғы ғашығы Гарри ханзаданың қуанышына ортақтаса, оның үйлену тойына келген. Алайда, мерекелік салтанат барысында көпшілік оның түрінде қуаныш атаулысын байқамаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: UGC

Неке қию салтанатына құттықтай келген Гарри ханзаданың бұрынғы сүйіктісі елді күлкіге қарық қылды. Оған ннтернет желісіне тарап кеткен Челси Дейвидің суреттері себеп болды.

Өзінің бұрынғы сүйіктісінің тойына келген әйелдің түрі қашып кеткен. Мерекелік салтанат бойына көңілсіз отырған Челсиді желі қолданушылары қызу талқылады.

"Бұрынғы жігітің үйленіп жатыр, ал сен тойда отырсың", — деп жазды желі қолданушылары оның қапалы көрінген суретіне.

Аталмыш сурет интернетте жылдам таралып кетті. Оқырмандар бір-бірімен белсенді түрде ханзада әйелі болмай қалған Челсидің суреттерімен бөлісті.

Айта кетейік, Гарри ханзада мен Челси Дейви 2004-2010 жылдар аралығында кездескен. Алайда, сүйіктісінің опасыздығын біліп қойғаннан кейін, қыз онымен қарым-қатынасты тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732741-garridi-jlenu-tojyna-kelgen-bryngy-sjiktisi-zelide-klkige-kaldy-foto.html