RU

Алматыда ағаштарды аяусыз қиратып кеткен бұзақылар ел ашуына тиді (видео)

Әл-Фараби даңғылындағы бір топ ағаштарды белгісіз біреулер сындыры кетті. Құлап жатқан ағаш бұтақтарын көрген қала тұрғыны оқиға орнынан видео түсіріп, өз наразылығымен желіде бөліскен деп хабарлайды NUR.KZ

Алматыда ағаштарды аяусыз қиратып кеткен бұзақылар ел ашуына тиді (видео)
Алматыда ағаштарды аяусыз қиратып кеткен бұзақылар ел ашуына тиді (видео): UGC

Әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысы маңындағы бір топ ағаштар қиратылған. Белгісіз біреулер қала әсемдігін келтіріп тұрған ағаштарды аяусыз сындырып тастады.

Құлап жатқан ағаш бұтақтарын байқаған қала тұрғыны ашуға бой алдырған. Ол оқиға орнынан видео түсіріп, өз наразылығын көпшілікке жеткізді.

"Мына қалада не болып жатыр? Бұл деген барып тұрған айуандық қой. Жануарлар тіпті бұлай істемес еді", - деп айтты қала тұрғыны.

Ер адам өз бейнежазбасы арқылы қоршаған ортаға аяушылдық танытпағандарды тауып, жауапкершілікке тартуға үндеу салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732744-almatyda-agastardy-aausyz-kiratyp-ketken-bzakylar-el-asuyna-tidi-video.html