RU
Көкшетауда өртенген сауда үйінен 35 адам эвакуацияланды (фото, видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Көкшетауда өртенген сауда үйінен 35 адам эвакуацияланды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

"Триумф" атты сауда үйінен өрт шығып, нәтижесінде 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жалын 400 шаршы метр аумаққа шарпыған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көкшетауда өртенген сауда үйінен 35 адам эвакуацияланды

Көкшетауда өртенген сауда үйінен 35 адам эвакуацияланды

Бұл туралы ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді.

"20 мамырда сағат 12.35-те Көкшетауда Әбілқасымов көшесіндегі "Триумф" екі қабатты сауда үйінің шатырында өрт шықты. Өрт сағат 13.05-те ауыздықталып, 13.22-те толық сөндірілді. Өрт салдарынан ғимараттың сыртқы жағына зардап келді", — деп жазылған төтенше жағдайлар комитетінің құжатында.

Көкшетауда өртенген сауда үйінен 35 адам эвакуацияланды

Көкшетауда өртенген сауда үйінен 35 адам эвакуацияланды

Өрттің таралу аумағы 400 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға аясында ешкім зардап шеккен жоқ.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар комитетінің 45 қызметкері мен тоғыз техника жұмылдырылды. Олар жарты сағатта өртті сөндірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір