RU
Әкесінің әріптесіне хабарласып көмек сұраған бала оқиғасы елді сүйсіндірді
Жаңалықтар Әлемде

Әкесінің әріптесіне хабарласып көмек сұраған бала оқиғасы елді сүйсіндірді

Рассказать Вконтакте

Дакота есімді балақай өзін мектепке апаратын адам бомай қалған соң, әкесінің әріптесіне жүгінген. Алайда, үй алдына келуге тиіс ер адам бір өзі емес, 70 тәртіп сақшысымен келген деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Дакота Питт әкесі қайтыс болғаннан кейін мектепке бір өзі барғысы келмеген.

Оның әкесі 45 жастағы Робс Питт қылмыскердің артынан қуып бара жатқан кезінде қаза болды. Ер адамның өлімі Дакота үшін қатты тиген. Әдетте, мектеп есігіне дейін шығарып салатын әкесі көз жұмған соң, ол білім ордасына бір өзі барғысы келмеген.

Дакотаның анасы марқұмның әріптесіне хабарласып, мән-жайлы айтқанда балақайды мектепке апарып тастау үшін 70 адам келеді деп ойламаған.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Белгілі болғандай, Роббстың барлық әріптестері оның ұлын мектепке апаратын адам жоқ екенін білгенде, бәрі бір ауыздан баратындарын айтқан.

Әкесінің осыншама әріптестерінің барына қуанған бала, Робс өлімінен кейінгі бірінші оқу күні аса ауырлықсыз өткенін айтты. 70 тәртіп сақшысын көрген мектеп өкілдері бастапқыда шошып, жағдайдан хабардар болғаннан кейін полицейлер қылығына тәнті болған.

Енді олар Дакотаны үнемі қорғаштап жүретіндеріне серт берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel