Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаттығып жүрген спортшылар жыртқыш мысық азығына айналған

Опубликовано:

Америкадағы Вашингтон штатына қарасты Сиэтл қалсының маңында қайғылы оқиға орын алды. Тауға велосипед тебуге барған екі ер адам ойда жоқта жыртқыш аң жеміне айналған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жыртқыш мысық жаттығып жүрген спортшыларды азық еткен
Жыртқыш мысық жаттығып жүрген спортшыларды азық еткен: UGC

Екі велосипедшіні көріп қалған пума, оларға қарай бірден жүгірген. Жыртқыш шабуылы нәтижесінде бір ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісінің жағдайы аса ауыр, оған күрделі медициналық көмек керек.

Оқиға орнына полицейлер келгенде, жыртқыш мысық бір спортшы денесін жеп жатқан. Екінші спортшы тәртіп сақшыларына хабарласа бергенде, жабайы мысық оны өзінің үңгіріне қарай сүйреді.

Тірі қалған ер азамат бірден ауруханаға жеткізілді. Ал жыртқыш пуманы тәртіп сақшылары атып тастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1732754-zattygyp-zrgen-sportsylar-zyrtkys-mysyk-azygyna-ajnalgan/

pixel