RU
Неміс канцлеріне гүл шоғын сыйлаған Путин дауға қалды
Жаңалықтар Әлемде

Неміс канцлеріне гүл шоғын сыйлаған Путин дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Ресейге арнайы жұмыс сапарымен келген Ангела Меркельді ел президенті гүл шоқтарымен қарсы алды. Алайда, Путин тарапынан болған жылы лебізді неміс басылымдары мүлдем басқаша түсінген деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Неміс канцлеріне гүл шоғын сыйлаған Путин дауға қалды

Неміс канцлеріне гүл шоғын сыйлаған Путин дауға қалды

Сочи қаласына дипломатиялық кездесуге келген неміс канцлеріне Путин әдемі гүл шоғын тарту еткен. Ресей президентінің қонақжайлылығын неміс басылымдарына ұнамай қалды.

Танымал Bild басылымы Путиннің іс-әрекетін тұспалды түрдегі балағаттау мен қорлауға теңеген. Олардың айтуынша, өз сыйы арқылы Ресей президенті Ангела Меркельді мазақ қылып тұр.

Неміс канцлеріне гүл шоғын сыйлаған Путин дауға қалды

Неміс канцлеріне гүл шоғын сыйлаған Путин дауға қалды

Ал саясаткерлердің дипломатиялық кездесуі нағыз жекпе-жек сыңайлы дейді неміс журналистері.

"Сырт көзге сыйластық белгісі болып көрінгенімен, бұл жасырын мысқылдау, қорлау және балағаттау. Путин мырза өз гүл шоғы арқылы Ангела Меркельге оның әйел екенін есіне түсірмек болды. Негізгі мақсаты, саясатта басты рөлде ер адамдар ғана екенін нақтылай кету", - деп жазылған мақалада.

Неміс басылымының бұл мақаланы қандай дәйектерге сүйене отырып жазғаны белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
2
0
0
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel