RU
Алматыдағы алапат өрттен 81 адам құтқарылды (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы алапат өрттен 81 адам құтқарылды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда Әуезов ауданы Сайын көшесіндегі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараз өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыдағы өрттен 81 адам құтқарылды

Алматыдағы өрттен 81 адам құтқарылды

Өрт шыққаны туралы хабарлама қалалық ТЖД «101» пультіне сағат 21:24-те келіп түскен.

«Әуезов ауданына қарасты Сайын көшесіндегі 14/1 тұрғын үйдің подъезін жалын шарпыған. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 9 минут өткен соң, яғни 21:33-те жетті. Мәлім болғандай, 4 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы «Арай» шаштаразынан өрт шыққан. Қою түтіннің кесірінен жоғарғы этаж тұрғындары эвакуация жолын пайдалана алмаған. Өрт оқиғасы кезінде 81 адам құтқарылды. Оның 16-сы - балалар. Жоғарғы қабаттағы тұрғындарды механизацияландырылған автосатылармен құтқару шаралары ұйымдастырылды», - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.

Алматыдағы өрттен 81 адам құтқарылды

Алматыдағы өрттен 81 адам құтқарылды

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт дер кезінде сөндірілді. Жоғарғы қабаттағы пәтерлер мен жанындағы үйлерге еш зиян келмеген. Өрт 22:07-де ауыздықталып, 22:27-де толықтай өшірілген. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

Алматыдағы өрттен 81 адам құтқарылды

Алматыдағы өрттен 81 адам құтқарылды

Өрт кезінде 15 жасар қыз бала түтінге уланып қалды. Оны жедел жәрдем көлігі жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір