RU

Маңғыстауда кен орнындағы төтенше жайттан ер адам көз жұмды

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Маңғыстаудағы кен орнында өрт болғанын растады. Оның айтуынша, болған жайттың салдарынан ер адам қайтыс болған деп хабарлайды "Лада" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Маңғыстауда кен орнындағы төтенше жайттан ер адам көз жұмды
Маңғыстауда кен орнындағы төтенше жайттан ер адам көз жұмды: UGC

Сонымен бірге ресми өкіл оқыс оқиғаның Комсомольское кен орнында болғанын растады.

«Комсомольское кен орнында 19 мамыр күні 22:22-де 40 шаршы метр аумақта дренаждық ыдыс өртенгені туралы хабар Дағдарыс жағдайларды басқару орталығына 20 мамыр күні 02:58-де түскен.

Оқиға ұңғыманы толық жөндеу кезінде болған. Салдарынан 1986 жылы туған «М-Техсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысшысы алған жарақаттарынан қаза тапты. Тағы үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған», - деді Руслан Иманқұов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732779-magystauda-ken-ornyndagy-ttense-zajttan-er-adam-kz-zmdy.html