RU
Парашютпен секірген екі адам бір-біріне соғылып қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Парашютпен секірген екі адам бір-біріне соғылып қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Татарстанда парашютпен секірген екі адам аспанда бір-біріне соғылып қаза болды. Бұл оқиғаның мән-жайын Ресейдің тергеу комитеті анықтап жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Парашютпен секірген екі адам бір-біріне соғылып қаза тапты

Парашютпен секірген екі адам бір-біріне соғылып қаза тапты

19 мамырда күндіз Мензелин ауданында жеті спортшы 4 мыңнан 1,6 мың метрге дейінгі биіктіктен секірген. Парашюттер ашылған уақытта бір спортшы екіншісіне келіп соғылыпты.

Екеуі де естен танып қалып, олар қосалқа парашютпен жерге түскен. Біреуі жедел жәрдем көлігінде, екінші ер адам ауруханада көз жұмады.

Аэроклуб қызметкерлерінің айтуынша, қаза болғандардың әрқайсысы кемінде 600 рет парашютпен секірген.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", — деп жазылған хабарламада.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір