RU
Жұртты жылатып кеткен Буффонға ПСЖ 8 млн еуро жалақы ұсынды
Жаңалықтар Әлемде

Жұртты жылатып кеткен Буффонға ПСЖ 8 млн еуро жалақы ұсынды

Рассказать Вконтакте

19 мамыр күні "Ювентуспен" соңғы рет алаңға шығып, барша жанкүйерлерімен қоштасқан Джанлуиджи Буффонға франциялық ПСЖ-дан жақсы ұсыныс түсті деп хабарлайды Prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Буффон

Буффон

Football Italia ақпаратына сүйенсек, париждік клуб Джиджиге жылына 8 миллион еуро жалақы мен екіжылдық келісімшарт ұсынып отыр.

Сонымен қатар, Буффонды бірден ПСЖ-ның капитаны қылмақшы.

Буффонға ПСЖ-дан бөлек, англиялық «Ливерпуль» де қызығушылық танытуда.

Ал Джиджи алдағы мансабы туралы шешімді әзірге жария етпеді. Ол өзінің мансабын аяқтауы да ықтимал.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір