Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аспан жерге құлап келеді: Ғалымдар адам шошырлық мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ғалымдар бұлттардың биіктігі жылдан жылға кеміп келетінін айтып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды Islam.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ

Аспан жерге құлап келеді: Ғалымдар адам се
Аспан жерге құлап келеді: Ғалымдар адам сенгісіз тұжырымдама жасады: UGC

2000-2010 жылдар аралығында НАСА-ның "Терра" жасанды жер серігінің көмегімен бұлттың биіктігі бақыланған болатын. Егер бұлттың төмендеуі одан ары жалғаса беретін болса, бұл өз кезегінде климаттың өзгеруін айтарлықтай жылдамдатады.

1999 жылдан америкалық "Терра" метеоспутник бортынан алынған мәліметтерден белгілі болғандай, бұлт жамылғысының биіктігі аталған жылдар ішінде "нөлден" орташа есеппен алғанда бір пайызға кеміген.

Түсінікті тілмен айтқанда, бұлттың орташа әрі барынша биіктігі 30-40 метрге азайған. Десе де табиғаттың бұл тосын құбылысы ғалымдарға жұмбақ күйінде қалып отыр.

"Біз бұлт жамылғысы биіктігінің нақты кему себебін білмейміз. Десе де бұл бұлтты қалыптастыратын ауа циркуляциясымен байланысты болуы мүмкін",- деп топшылады Окланд университетінің метеорологы Роджер Дэвис.

Мамандардың тағы бір тұжырымы бойынша жер бетін салқындатуы үшін бұлт төмендеуі мүмкін. Өйткені, жаһандық жылынудан ауа температурасы көтеріліп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1732790-aspan-zerge-klap-keledi-galymdar-adam-sosyrlyk-mlimdeme-zasady/

pixel