RU
Немерелерінің хан сарайындай бөлмесін көрсеткен Гүлзира Айдарбекова сынға қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Немерелерінің хан сарайындай бөлмесін көрсеткен Гүлзира Айдарбекова сынға қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Өзінің Instagram парақшасында немерелерінің хан сарайындар әсем бөлмесін көрсеткен Гүлзира Айдарбекова елге жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың балаларының бөлмесін көрсеткен продюсер анасы өзінің балалық шағын естелігін де жаза кеткен.

"Балалы үй базар деген. Біздің үйдің Нары мен Ханының бөлмесіне саяxат. Біздің заманымызда,менде жалғыз қуыршақ болған. Ол қуыршақтың өзін Сабит деген ағам менің арманымды орындау үшін бақшадағы жеміс-жидек, көкөністерді ешкімге көрсетпей сатып алып берген. Қуыршақты аларын алып, ақшаны қайдан алдың деп ұрысса не айтамын деп әбден уайымдаған екен.
Әкеміз өте қатал болатын, естіген кезінде, дұрыс жасаған екен, еңбекқор болғаны дұрыс, мен өле кетсем күнін көре алатын болады, әрі балаларымның бір-біріне деген бауырмалдылығы артады деген екен. Қазіргі ұрпақ не деген бақытты десеңізші. Осы бақытты көруімізді жазған Аллаға сансыз шүкір!", - деп жазды ол.

Алайда оның немерелерінің бөлмесін көргендер оған түрлі пікірлер жазып, сынай жөнелді. Тіпті кейбірі оны мақтаншақ деп сынап тастады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
51
2
1
2
2
22
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel