RU
Кісі өлімі кезінде дастарханға арақ қойған қазақтар елді шошытты
Жаңалықтар Қоғам

Кісі өлімі кезінде дастарханға арақ қойған қазақтар елді шошытты

Рассказать Вконтакте

Жуырда қайтыс болған танысының үйіне көңіл айтамын деп барып, жағасын ұстап қайтқан алматылық тұрғын басынан өткен сұмдық жайтты баяндап берді. Айтуынша, марқұмның туыстары дастарханға ішімдік қойып, елді ашуландырған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Кісі өлімі кезінде дастарханға арақ қойған қазақтар елді шошытты

Көрнекі фото: vnnnews.ru

Нұрлыайымның айтуынша, ол мұндай жайтты өмірінде бірінші рет көрген. Көріп, жағасын ұстап, тіпті ішімдік қойылған дастарханнан тұрып кетуге мәжбүр болған.

"Бұдан бір ай бұрын бір танысым 60-тан асқан шағында қайтыс болып, отбасына көңіл айтып шықпақ болдық. Сөйтіп үйіне барып, көңіл айтып, артынша дастарханға жайғастық. Оны әлі шығармапты. Бір кезде қарасақ, ел күтіп жүрген сол үйдің адамдары үстелдің үстіне арақ қойып, көңіл айтып келген бірнеше адаммен бірге бір-бір стақаннан тартып жіберді. Бұл кәдімгі елдің көзінше болып отырған жағдай. Не істерімді білмедім. Орнымнан тұрып кеттім. Сонда біз мұсылманның үйіне бардық па, кәпірдің үйіне бардық па? Бұл не деген сұмдық? Мен мұны ешкім көрмесе екен, мұндай масқара басқа еш жерде болмаса екен деп тіледім. Марқұм танысымды аядым. Оның туыстары оған дұға тілеп отырудың орнынан мұсылмандарда тыйым салынған арақ ішіп отыр. Бұл - масқара!", - деп күйінді Нұрлыайым.

Айтуынша, ол танысының үйіндегі жасы жетпістен асқан әжелер де ащы судан ұрттап алған.

"Жақында тойда арақ ішкен әжелер туралы мақала оқығанмын. Бірақ мына көргенім тіпті сорақы. Сол үйден наразы болып шығып бара жатқан тағы бір кісілер үйдегі әжелер де ішімдік ішкенін көріпті. Олар да қатты ашуланып, енді қайтып келместей болып бара жатыр екен", - деген ол қазақы тәрбие мен діннен безіп кеткен қазақтарға деген ренішін жеткізді.

"Осылай кете берсек, қазақ деген атымыздын, мұсылманшылығымыздан айырыламыз. Қазақтың бірі асырдіншілдіктен, екіншілері керісінше асырадінсіздіктен зардап шегіп жатыр", - деді ол.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басу, тарату немесе өзге мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
38
3
4
6
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір