RU
Бір миллион теңге: Қарақаттың қызына кіндік шешесі ерекше сый жасады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бір миллион теңге: Қарақаттың қызына кіндік шешесі ерекше сый жасады

Рассказать Вконтакте

Жұлдызды жұп Қарақат пен Қыдырәлі жалғыз қыздарының бір жасқа толуын дүркіретіп өткізгені ел есінде. Асыға күткен кішкентайдың тұсаукесер тойына өнер иелерінің бәрі дерлік қатысқан болатын. Аяланың алғашқы тәй-тәй қадамын көруге жиналған қауым арасында оның кіндік шешесі Ақжарқын да бар. Ол Қарақаттың қызына 1 миллион теңге берген деп хабарлайды "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қарақат, Ақжарқын. Фото: Instagram

Қарақат, Ақжарқын. Фото: Instagram

Бұл жайында тойға келген Индира Расылхан айтып қойды.

"Той болғаннан кейін қаржылай сыйлық берген жақсы. Кіндік шешесінің өзі 1 миллион теңге сыйақы беріп жатыр. Біздер енді араласып-құраласып жүргеннен кейін, дос болғаннан кейін шамамыздың келгенінше сыйлық беріп жатырмыз", - деді Индира Расылхан.

Айта кетейік, бұл қуанышқа келе алмаған Мәдина Сәдуақасова Қарақатқа қымбат сыйлық сыйлаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
31
7
3
4
4
18
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір