RU
Бұрынғы жігітінің орнына екі жыл бойы кредит жапқан қазақ қызы жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Бұрынғы жігітінің орнына екі жыл бойы кредит жапқан қазақ қызы жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

30 жастағы Диана М. екі жарым жыл бұрын өз атынан бірнеше кредит алған болатын. Әйел бұл кредиттерді бұрынғы жігітіне алып беріп, сан соғып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: tranio.ru

Көрнекі фото: tranio.ru

"Айдоспен асханада таныстым. Мен ол жерде жұмыс істейтінмін. Өз бизнесін бастап жүрген Айдос маған бірден ұнады. Алайда кездесіп жүргенімізге бір ай өткенен кейін ол өзгеріп кетті. Телефонына белгісіз біреулер қоңырау шалып, мазасын алып жүрді", - деп есіне алды ару.

Диана одан не болғанын сұрап, жігітінің қиындықтарға тап болғанын біледі.

"Ол бизнесі құлдырауда екенін және қарызы көп екенін айтты. Кредит алуға мүмкіндігі жоқ болғасын, менің атымнан алуды сұрады. Қарызды түгел өзі жауып отыратынына сендіргесін, өтінішін орындадым", - дейді әйел.

500 мың теңгеге кредитке кірген ару жігіті бақытты болғанын есіне алды.

"Айдос бақытты болды. Оны тығырықтан шығарғаным үшін алғысын айтып жүрді. Киноға, кафеге қыдыртып, несиенің алғашқы айына бірден төлем жасады. Екі апта өткесін бизнесі шарықтап жатқанын айтып, оның алға басуына тағы 200 000 теңге керектігін айтты", - дейді ару.

Диана тағы 200 мыңды кредитке алып бергенінде, жігітінен күдіктене бастағанын жасырмайды.

"Алайда ол маған тұрмысқа шығуды ұсынғанда, күдігім бірден сейілді. Менің пәтерім болды. Ол жалдамалы пәтерде жүрген. Мен оған пәтеріме көшіп келуді ұсындым.

Айдос кредиттерді жауып жүргенімен, тағамға да, коммуналдық қызметке де төлемді мен жасайтынмын. Көп ұзамай қарым-қатынасымызда суықтық пайда болды.

Ол жұмыстан кеш келіп, төсекте менен аулақ болуға тырысатын. Екі ай бірге тұрып жатқанымызға қарамастан, некемізді қию тек сөз жүзінде қалды", - дейді Диана.

Бір күні Айдос Дианадан кешірім сұрап, суып кетуіне денсаулығы болмай жүргені себеп екенін алға тартады.

"Оның бүйрегінен дерт табылып, ота жасату керек болды. Бұған кемінде 500 теңге қажет болған. Кредитке әбден батқандықтан, денсаулығы оны тіпті күйзеліске түсіреді. Ол менен ештеңе сұрамаса да, махаббатымды құтқару үшін тағы қарыз алдым", - дейді Диана.

Алайда Айдос Астанаға ота жасатуға кеткеннен кейін ізім-ғайым жоқ болған.

"Ол смс жіберіп, айырылысатынымызды айтты. Мені сүйетінін, алайда менің арқамда күн көріп жүргені жанына бататынын баяндады. Кредиттерді өзі төлеуге уәде беріп, барлық қарызымды қайтаратын болды. Оған қоңырау шалғанымда, тұтқаны мүлде алмайтын", - дейді ару.

Үш ай бойы кредиттерді төлеп келген Айдос содан кейін қарызын мүлде төлемеген.

"Содан кейін ол хабарсыз кетті. Заңгерлер бұл жайтта түк істей алмайтынымды айтқасын, Айдосты үйіне іздеп бардым. Үйінде қарт анасы болды. Ол ұлы Ресейге кеткенін алға тартты.

Кредиттердің бәрін қиналып жүріп өзім жаптым. Басқа жігітпен кездесе бастадым. Жарты жыл бұрын Айдос қайтып келіп, кешірім сұрауға кірісті. Мені сүйетінін айтып, 50 мың теңгесін ала келіпті.

Бір аптадан соң барлық қарызын қайтаратынын айтып, қайта кездесуді ұсынды. Мен жігітім барын алға тартып, одан аулақ жүруін талап еттім. Содан бері алдыма келген емес", - дейді Диана.

Ол бұрынғы жігітінің кесірінен 2 млн теңгесі жоқ болғанын айтуда.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel