RU

Қазақстан азаматтары АҚШ-тағы гей-парадқа қатысуда (фото)

20 мамыр күні Нью-Йорктің орыстілді ауданы Брайтон Бичте екінші рет гей-парад болып өтті. Оны Facebook парақшасындағы "Радужная Америка" тобының қолдауымен "RusaLgbt" ұйымдастырған деп хабарлайды NUR.KZ.

АҚШ-та өткен гей-парад
АҚШ-та өткен гей-парад: UGC

Гей-парадқа ТМД елдерінен барлығы 200-ге тарта адам қатысқан. Әсіресе назарға іліккен Украина, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің туы болды. Олар гомофобияға қарсылық пен толеранттықты насихаттаған.

АҚШ-та өткен гей-парад
АҚШ-та өткен гей-парад: UGC

Жергілікті халық (өткен жылмен салыстырғанда) шеруді байсалды қабылдап, кей бірі тіпті ашық түрде ризашылығын білдірген. Олар қол шапалақтап, парадшылармен қосыла би билепті.

АҚШ-та өткен гей-парад
АҚШ-та өткен гей-парад: UGC

АҚШ-та өткен гей-парад
АҚШ-та өткен гей-парад: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732818-kazakstan-azamattary-aks-tagy-gej-paradka-katysuda-foto.html