Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда аста-төк торт ұсынған шымкенттіктер Гарри ханзаданың өзін шаң қаптырды

Опубликовано:

Өткен демалыс күндері Гарри ханзада мен Меган Марклдың тойы әлемді аузына қаратқан болатын. Дүркіреп өткен тойда қонақтарға ұсынылған торттың құны шымкенттік тойдағы торттың көлеңкесінде қалып қойған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Торттар. Коллаж: nur.kz
Торттар. Коллаж: nur.kz: UGC

Еске салсақ, Шымкентте өткен жас жұбайлардың тойы елдің ерекше назарына іліккен болатын. Көпшілікті тойда ұсынылған аста-төк торт таң қалдырған еді. Ресейлік шебер Ренат Агзамов әзірлеген бұл торттың құны Гарри ханзаданың тойындағы торттан асып түскен.

«Шымкенттік» торт

Коллаж: nur.kz
Коллаж: nur.kz: UGC

Хан сарайы пішінінде жасалған торттың диаметрі - үш метр, ал биіктігі - 4,2 метр. Ренат бұл тортты командасымен бірге үш тәулік бойы әзірлеген.

Алдын ала болжам бойынша, мұндай торт жас жұбайларға 179 мың долларға түсіпті. Бұл той танымал шымкенттік бизнесменнің ұлына тиесілі болып шыққан.

"Патшалық" торт

Фото: YAUSTAL.com
Фото: YAUSTAL.com: UGC

Гарри мен Меган Марклдың тортын америкалық кондитер Клэр Птак әзірледі.

Лента сайтының мәліметіне сәйкес, Меган мен Гарри пион және раушан гүлдерімен көмкерілген торт үшін 67 мың доллар ғана төлеген екен.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732835-tojda-asta-tk-tort-syngan-symkenttikter-garri-hanzadany-zin-sa-kaptyrdy/

pixel