RU
Қайтыс болған қайыршының қалтасынан 442 миллион теңге тапқандар талып қала жаздады (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қайтыс болған қайыршының қалтасынан 442 миллион теңге тапқандар талып қала жаздады (фото)

Рассказать Вконтакте

Ливанға қарасты қалашықта қайтыс болған қайыршының қалтасынан 442 миллион теңге қаражат тауып алған полицейлер не істерін білмей сасып қалған. Фатима Отман есімді қайыршы әйелдің жүрегі сыр беріп, ұйқыға кеткеннен қайта оянбаған деп хабарлайды metro.co.uk сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: metro.co.uk

Фото: metro.co.uk

Әйел азаматтық соғыста аяқ-қолынан айырылған екен. Бұл қайыршыны қалашық тұрғындарының бәрі танитын болып шықты. Себебі, ол өмірінің біраз жылында осы қалашықта қайыр тілеп күнелткен.

Тұрғындар, күнде тиын-тебен тастайтын әйелдің өздерінен әлдеқайда бай екенін естігенде талып қала жаздаған.

52 жастағы әйелдің денесінен ешқандай зорлық-зомбылықтың ізі байқалмапты. Тек ол мекен ететін қорапша жанынан 442 миллион теңге шыққанда бәрі жағасын ұстаған.

Ал қайыршының туыстары жағдайды "Фатима көшені мекен етіп үйренген. Басқаша жағдайға үйренбеген", - деп түсіндірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
5
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір