RU
Үндістанда сиырды сойған мұсылманды өлгенше сабап тастады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үндістанда сиырды сойған мұсылманды өлгенше сабап тастады

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында өз сиырын сойған мұсылманда төрт азамат өлгенше сабап тастаған. Таяқ жеген азамат ауыр жарақатпен ауруханаға түскен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: YouTube

Фото: YouTube

45 жастағы Сираджа Ханның досы да түрлі дене жарақатымен ақ халаттылардың көмегіне жүгінген.

Полицейлер қылмысқа қатысы бар деген төрт адамды ұстаған. Сондай-ақ оқиға орнынан жіліктелген сиырдың еті де шыққан.

Айта кетейік, Мадхья-Прадеш штатында сиырдың қасиетті жануар саналғаны соншалық, оны өлтірген адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал Үндістанның басқа штаттарында сиырды соямын деп өмір бойына бас бостандығынан айырылуыңыз мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel